Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Ұлы Жеңістің 69 жылдығына

      Мектеп мұғалімдері мен оқушылары Ұлы Жеңістің 69 жылдығына және патриоттық (отаншылдық) тәрбие беру үшін бірқатар іс-шаралар өткізді, оның бірі Ұлы Отан соғысы ардагаерлерін құрметтеу болып табылады.
Ұлы Отан соғысы жылдары біздің ұлтымызға да, халқымызға да ауыр сынақ болды. Отты шептерде Қазақстанның 1 миллион 200 мыңға жуық ұлдары мен қыздары шайқасты. Басқа да миллион қазақстандықтармен бірге соғыста Терещенко Иван Исаакович, Мухамедин Калкен Батырович және Мурзабеков Бахтыбай Мурзабекович ерлікпен шайқасты.Олар тек қана ҰОС ардагерлері ғана емес, сонымен қатар білім беру саласының еңбек сіңірген қайраткерлері.Мектеп жыл сайын ардагерлерді «Қарттар күні», «Мұғалімдер күні», «Жеңіс күні» сияқты мейрамдарда құрметтеп сыйлайды. Биылғы жылы да мектеп дәстүріне сай мұғалімдермен бірге оқушылар ардагерлерді құттықтады. Ардагерлер шын жүректен жылы сөздері мен тілектерін айтты.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное