Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Отбасы – алтын діңгек

Астана қаласы

№ 42 орта мектебі

Бастауыш сыныптар мұғалімі

Жалғасбек Э.Ж

 

Сабақтың тақырыбы:   Отбасы – алтын діңгек

Мақсаттары:

Білімділік:   оқушыларға     “Отбасы құндылықтары” ұғымы туралы түсінік беру.   Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау дағдысын   қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, қызығушылығын   арттыру,     шығармашылық әрекетін дамыту.

Тәрбиешілік: сыйластыққа, мейірімділікке,   татулыққа,   қамқорлыққа   тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын насихаттау.

Әдіс – тәсілдері:

Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, тірек-сызба, топтастыру стратегиясы, танымдық ойындар.

Қажетті құралдар :

отбасы мүшелерінің суреттері, интерактивті тақта, қима суреттер(бұлт, күн, ай, жұлдыздар)

Көрнекіліктер:   қанатты сөздер, мақал-мәтелдер:

Атадан – нақыл.

Ұшқанда соны іледі.

. Ата-ананың парызын,

Өтеу - сенің қарызың

 

Жақсы ата – орман ,

Жақсы бала қорған.

 

Кіріспе әңгіме:              

- Қайырлы күн, оқушылар! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі тақырыпта тәрбие сағаты болады.

Қазақ халқында шаңырақ деген қасиетті ұғым бар.

-      Шаңырақ деген не?

-      Шаңырақтың отбасына қандай қатысы бар?

- Балалар,бізге құпия хат келіпті. Алдымен сол құпияның сырын тауып көрейік.

Балаларға әр түсті дөңгелек пішінді қағаздар таратып беремін. Қолдарындағы дөңгелектің түстеріне байланысты конверттерді тауып алып, ішіндегі суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Жасырынған конверттің ішінде отбасы туралы суреттер шығады. Балалар сол суреттер бойынша әңгіме құрастырып береді.

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады. Интерактивті тақтадан отбасына жататын адамдардың суреттері көрсетіледі.

-      Тамаша, балалар! Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасына ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні-қарындастарымыз және өзіміз жатамыз.          

- Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.

Релаксация кезеңі: Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздеріне ең жақын, сүйікті отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз алдарына елестетеді. Өз отбасылары туралы ең қымбат, ғажап сөздерді айтып, өз ойларымен бөліседі.

-      «Отбасы» туралы қандай тақпақтарың естеріңе түсті. Ана, әке туралы тақпақтар айтқызу.

Жасмина: А.Бақтыгереева «Менің апам»

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.

Данияр:

Папамызға еркелеп,

Мамамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

Атамызға сыйлаймыз

Аяулым:

Өсіп келе жатырмын,

Өз әжеме еліктеп.

Әжем мені жасымнан,

Тастамайды қасынан.

Мына суреттегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, жұлдыздың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т.б. айтылады.

 

Сергіту сәті: «Отбасы шежіресі» туралы жұмбақ шешу. Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары жатады.

  1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.

Ол кім?   Барлығы – атам.    

Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

 

  1. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім?   Барлығы - әкем.   (әкесінің суретін іледі)

 

  1. Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?     Барлығы – ана.   (анасының суретін іледі)

-Олай болса аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балапаным, аппағым, ботам, күнім, қозым т.б.

   Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

-          Отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік.

Рефлексия кезеңі: Балалар өз отбасына деген тілектерін білдіреді. Ол мынадай сөздермен басталады.

«Мен шын жүрегіммен тілеймін...»

Қорытындылау: Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное