Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Қатарға өту рәсімін мектебіміздің І және ІІ ауысымының өзін өзі басқару органының президенттері Исламов Бейбарыс, Тауыпалды Ақмарал және «ЖАС ҰЛАН» белсенділері ұйымдастырып өткізді.

2014  жылдың 19  ақпанында  (сағат 13.00-де)  мектебімізде республикалық бірыңғай  «ЖАС ҰЛАН» балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына кіру салтанатты жиыны өтті. Қатарға өту рәсімін мектебіміздің І және ІІ ауысымының өзін өзі басқару органының президенттері Исламов Бейбарыс, Тауыпалды Ақмарал  және «ЖАС ҰЛАН» белсенділері ұйымдастырып өткізді. «ЖАС ҰЛАН» қатарына 5 «А», 5 «Ә», 5 «В»   сыныптарының қоғамдық өмірге белсене араласаты, оқуды «4» пен «5» деген бағаларға оқитын оқушылары  (барлығы 50 оқушы)  іріктеліп алынды. Жиынның жүргізушілері: Қазбекова Бекзада, Қайратбекұлы Аңсар. Жауапты ұйымдастырушылар: директордың ТІЖО Г.А. Жупкалиева, педагог-ұйымдастырушы  Нүрсеитов Н. және «ЖАС ҰЛАН» ұйымы тәлімгері Қуантқан Х.  Қатарға 50 оқушы өтті. Жиынымыздың құрметті қонақтары:

     1.            «ЖАС ОТАН» жастар қанатының атқарушы хатшысының орынбасары Оралбаева Таңшолпан Абдуманасырқызы.

     2.            Генерал С.Нұрмағанбетов атындағы «ЖАС ҰЛАН» республикалық әскери мектептің тәрбие жұмысы меңгерушісі Смағұл Меруерт Идрисовна.

     3.            Мектебіміздің АӘД мұғалімі, ұйымдастырушы педагог, майор Тұржанов М.З.

     4.            Директордың ТІЖО  Ғ.Қ. Ысмаил.

     5.            Директордың ТІЖО  Г.А. Жупкалиева.

     6.            Мектебіміздің әлеуметтік-педагогі   Смагулова Г.И.

     7.            «Сұңқар» ұлдар клубының кураторы Томпышев Б.Қ.

     8.            5-6 сыныптардың  сынып жетекшілері.

        Жиында салтанатты түрде ҚР мемлекеттік ту кіргізіліп, ҚР мемлекеттік гимні, «ЖАС ҰЛАН» ұйымының гимні шырқалды. 5 «А» сынып оқушысы Асанәлінің орындауында «Жаса  Жас Ұлан» әні әсем шырқалды. Келген қонақтар жасұландықтарға құттықтау сөздерін айтып, жас патриоттардың қоғам өміріндегі ролін, Отан алдындағы борышын атап өтті.

         

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное