Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық оңтайлық - білім сапасын қамтамасыз ету факторы"

Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруы мен Гуманитарлық колледжде мектепке дейінгі мекемелер арасында "Білім беру тәжірибесіндегі инновациялық оңтайлық - білім сапасын қамтамасыз ету факторы" атты VІІ қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға №51 "Алтын сандық" балабақшасынан 3 тәрбиеші қатысты. Қатысқан 3 тәрбиешіміздің үшеуі де жүлделі орындарға ие болды. Ол біз үшін қуанышты жағдай. Тәрбиешілердің бала тәрбиесіне қосқан үлесі деп білемін.
Мысалы: мектепалды даярлық "Қоңырау" тобының тәрбиешісі Сыдықова Рауан Сапарбекқызы "Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту" тақырыбымен көпшілік алдына шығып, өзінің жұмысын ортаға салды.
Өзінің балаларға арналған тапсырмаларын көрсетіп, жеткен жетістіктерімен бөлісті. Өз жұмысының нәтижесі осы конференцияда алған І - ші дәрежелі Дипломы .
Мектепалды даярлық "Балдәурен" тобының тәрбиешісі Айтбаева Бақытжамал Әмірхамзақызы "Зерттеу іс-әрекеті арқылы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту" тақырыбымен өз ойын бөлісті. Бұл тақырыпты балабақшаның жылдық мақсаттарымен ұштастыра отырып алғандығын, инновациялық әдіс-тәсілдердің бала дамуына әсерін нақтылай отырып, тәрбиешінің мақсаты балалардың зерттеу жұмысына деген қызығушылығын ояту, танымдық қабілеттерін дамыту болғандықтан, балалардың бұл жұмысты қызығушылықпен жасайтынын көрсетті.

 
 
 
Сондықтан болар бүгінгі өткен конференцияда І - ші дәрежелі Допломды жеңіп алғандығы.
МКҚК № 51 «Алтын сандық» балабақша меңгерушісі Сейітова Назгүл Әбдірасілқызы

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное