Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Қарттарға құрмет көрсетейік!

 

1 қазан

Халықаралық қарттар күні

 

Бұл мереке XX ғасырда пайда болды. Қарттар күні мерекесін алдымен Европада,содан кейін Америкада, ал 80-ші жылдардың аяғында барлық әлем болып тойлаған.

 

1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды.

 

Япония –қарттар күнінің негізін қалаушы ел секілді

Японияда қыркүйектің үшінші дүйсенбісінде Қарттарды құрметтеу күнін тойлайды

К2050 жылға қарай жер бетіндегі қарттар саны қазіргі 600 миллионнан 2 миллиардқа дейін өседі.

 

Қарттарды құрметтейік!

Неменеңе жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...

Ойландыратын сұрақ:

Сіздер ата-әжелеріңізбен қаншалықты жиі кездесіп, сөйлесіп тұрасыздар?

Сіздер оларға қандай қуаныш сыйлап тұрасыздар?

Қарттарға құрмет көрсетейік!

Біздің ата-әжелеріміздің денсаулықтары мықты болып, әрдайым жақын жандарының жылуына бөленіп жүре берсін!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное