Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Мен өз қаламды сүйемін» Экокүн

 Астана қаласы №38 мектеп-лицейінде 2-наурыз күні Экочеллендж акциясы аясында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Мен өз қаламды сүйемін» атты Экокүн өтті. Шараның мақсаты «Оқушы – мұғалім – ата-ана» үш бірлескен одақтың тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеп, жаңа өмір сыйлауына мүмкіндік жасау, экологиялық білімін тереңдету, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу, жердегі барлық тіршілік иесіне жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру болатын.

Айтулы шараның қонақтары қатарында Астана қаласы Білім жаңғырту орталығының әдіскері Әзимбай Нұржамал Кәрімбердіқызы, Халықаралық экологиялық академиясының президенті, профессор Дуанбеков Мұсағали Сәрсенбайұлы; Қамқоршылық кеңес төрайымы Туякбаева Индира Кенесбекқызы; Қалалық мәслихат депутатының көмекшісі, экономист, "Онкология орталығы" басшысының орынбасары, қамқоршылық кеңес мүшесі Нурбеков Багдат Байтлеуұлы; Қамқоршылық кеңес мүшесі Сисенова Айжамал Заиповна; «Рухани жаңғыру» платформасы құрамындағы мектептептер: №55 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шулбаева Әлия Бейсеқұловна, №29 мектеп Науат Шаяхметқызы, Еуразия ұлттық университетінің бір топ волонтерлары болды.

Іс-шараны мектеп басшысы Әзимбай Кәмилла Кәрімбердіқызы ашып, мектептің өзін-өзі  басқару ұйымының мүшелері флешмобымен жалғасты.

Оқушылар, ұстаздар, ата-аналар ат-салысқан шара керемет деңгейде өтті. «Бас жүлде» және І орын бастауыш пән бірлестігіне бұйырды. Жүлгегер пән бірлестіктеріне Қамқоршылық кеңес атынан кішігірім сыйлықтар берілді.










Назар салғандарыңызға рахмет!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное