Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік бертін «100 жаңа есім» жобасы бойынша жастарға үлгі боларлық кездесу өткізілді.

 «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз....» дегендей, біздің мектебімізде қоғам қайраткерлері, ғалым, профессорлармен кездесу, олардың өнегелі еңбектерімен жұмыстары жайлы оқушыларымызға насихаттау үрдіске айналған жұмыс. Осы орайда №9 ДБА «Зерде» мектебінде 26.02.2019 жылы «Жаратылыстану» пәндер апталығының аясында ҚР «Құрметті туризм қызметкері», Халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының «Алтын компас» иегері, Оңтүстік полюске бағыталған тұңғыш қазақстандық автокөлік экспедициясының ұйымдастырушысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, «Қазақстанның туристік географиясы» оқулығының авторы Орденбек Білісбекұлы Мазбаевпен кездесу өткізілді. Кездесуді ұйымдастырған ғалымның шәкірті, мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Ермағанбетова Гүлшат Борисқызы.

Оқушыларға жан-жақты білім беруде 9 сыныптарда «Қазақстанның туристік географиясы» тақырыбында практкалық сабақтар өткізіледі. Практикалық сабақ О.Мазбаев, Б.Асубаев және Е.Тоқпанов авторларының «Туризм және өлкетау негіздері» оқу құралы басшылыққа ала отырып 34 сағаттық практикалық сабақ өтіледі. Мақсатымыз қоғамның даму кезеңдерін, қалалық тұрғындардың өсуін, қоғам байлығы мен игілікті тұрмыстың ұлғайуын, эконмикалық, техникалық жаңалықтар құрылым салаларының жақсаруын көрсетеді. Оқушының дүниетанымын кеңейтеді, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырады, туризм саласының дамуына үлесін қосуға ықпалын тигізеді. Болашақ маман таңдауда (географ, эколог, экономист, аудитор, финансист, статист, сарапшы (аналитик), туризм және т.б. бағыт-бағдар беріледі.

 Мазбаев О.Б. 28 сәуір 1954 жылы Үштөбе қаласыАлматы облысында дүниеге келген.  Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Антарктидада Туы­мызды көтерген автокөлік экспедициясын ұйымдастырушысы, ғылыми жетекшісі. Оңтүстік полюске, яғни Антарктидаға автоэкспедицияны бастап барғаны Гиннестің рекордтар кітабына енді. 340-тан астам ғылыми жариялымның авторы.

   

Мектеп оқушылары Сериккалиева Айгерім және Есболат Толқын ғалым туралы жинақтаған шағын ғылыми жұмыстарын ортаға салып, ғалым жайлы ақпарат берді. Кездесу барысында О.Мазбаев оқушылармен өзінің «Қазақстан аңызы» , «Бабалар ізімен», «Қашғар саяхаты», «Антарктида» саяхаттары туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Оған қоса, өзінің шығармаларымен таныстырып оларды оқуға кеңес берді. Оқушылар да ғалымның саяхаттары туралы және туризм саласы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғалым мен балалар арасында әдемі әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, оқушылар ішінен ғалымға өздерінің ғылыми жобаларын ұсынғандарда табылды.
Кездесу соңында, «Мектеп Президенті» Азименов Асылжан 1-наурыз Алғыс айту күніне орай мектеп ұжымы мен оқушылар атынан Мазбаев Орденбек Білісбекұлына өз алғысын білдірді.  


Кездесуді ұйымдастырушы мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Ермағанбетова Г.Б.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное