Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Экоchallenge» аясында өткізілген іс-шаралар





2019ж.14.02. Астана қ. №15мектеп-лицейінде «Экоchallenge» аясында «Экологиялық мәдениетті дамыту бойынша ТТҚ бөліктерін жинау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар және де БЖБ, ТЖБ жинақтары бойынша жобаларды қорғау тендері өтті. Эко күнге директордың тәрбие ісінің орынбасарлары, тәлімгерлер және басты қонағымыз, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры төрағасының м.а. Немцан Татьяна Николаевна болды. Іс-шарамызды мектеп-директоры Бауыржан Қапарұлы құттықтай сөз айтып, қонағымыз Татьяна Николаевнаға сөз берді. Бірінші қабатта Эко күнге арналған көрме жасалды. Ата-аналар мен оқушылар өз қолдарымен қалдық заттардың өзінен қажетті бұйымдарды жасауға, заттарға екінші өмірді қалай сыйлауға болатындығын дәлелеп, ШЕБЕР-СЫНЫБЫН көрсетті.



Құрылған бағдарлама бойынша мұғалімдер мен қонақтар ашық сабақтар, сыныптан тыс тәрбие сағаттарына, экологиялық квест-ойындарын өткізді. Бағдарлама бойынша Ф.А.Жумабаева, Р.М. Нефталиева, Е.Е.Абельдиновалар ашық сабақ берді. Ашық сабақтарында өз пәндерін экологиямен сабақтастыра отырып, қызықты өткізді. С.К. Идрисова., М.А.Разбековтер «Астана қаласының экологиясын жақсартуды іс-шараларды жетілдіру қажет» тақырыбында оқушылармен Дебат турнирін жоғары дәрежеде өткізді. Экология бағытында Н.М.Загайдулина. Р.Б. Қасмағанбет, Д.Т. Камераова, Л.А Псяколардың жетекшілігімен оқушылар тақырыптық жобаларын өте қызықты, әрі мәнді қорғап шықты. «Өз ойыны» атты зияткерлік ойыны 10 сынып оқушыларының қатысуымен №14,15,18,35,62 мектептері арасында өтті. Жетекшілері А.С.Кукеева А.А. Сулейменовлардың ұйымдастыруымен өтте қызықты өтті. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. Бастауыш сынып оқушылары арасында экологиялық квест- ойыны өткізілді. Ойынды бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырды. Ойынды А. Жүсіп жүргізді. Ойынға 3 команда қатысты, олар әр жерде бағыт бойынша орналасқан бекеттерде берілген тапсырмаларды орындап сайысқа түсті. Семинар соңы жиын залында шағын концертпен басталып, соңғы өткізілген іс-шаралар бойынша рефлексиямен аяқталды. Келген қонақтар өз пікірлерін айтып, өткізілген шараларға оң бағаларын берді.



Екінші бөлімі: «Экоchallenge» аясында республика семинар өткізілді, семинарға брспублика бойынша қонақтар келді. Республикалық семинарда тендер ойнатылды. Тапсырыс беруші Әлия Назарбаеваның бастамасы бойынша. яғни болып табылады дамыту Қоры қоғамдық маңызы бар бастамаларды атынан төрайымы Немцан Татьяна Николаевна. Екінші кезең;республикалық семинарда, жобалар бойынша тендер, ойнатылды. Бұл тендер тапсырыс беруші болып табылады Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры торайымы Әлия Назарбаева болып табылады. Тендерде комиссия құрамына: - БҰҰДБ/ҒЭҚ және ҚР Үкіметінің энергия тиімділігі бойынша жоба басшысы - Белый Александр; -БҰҰДБ/ҒЭҚ және ҚР Үкіметінің энергия тиімділігі бойынша сарапшы- Ткенов Адилет Максутович; БҰҰДБ жобалары бойынша сарапшы -Каузов Азамат Маратович; - Metropolitan Business school құрылтайшы-Ахметова Айнагуль Куанышбаевна; - Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры төрағасының м. а. -Немцан Татьяна Николаевна. - Моделдеу бойынша білім беру менеджері-Катаева Варвара Тендер №№2,3,6,15,16,28,50,51,53,63,66,71,73,76,77,83 мектептерінің директорлары мен орынбасарлары БЖБ, ТЖБ жинақтары бойынша жобалардын қорғады. Конкурстың қортындысы бойынша жарылай финалға 16 мектеп шыққан болатын. Жоба қорғау қортындысы бойынша 8 мектеп финалға шықты. №15 мектеп-лицейі ұпай саны бойынша 2-ші орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!




















Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное