Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндік аясында ата-аналармен семинар-тренинг өтті.

13.02.2019 ж. күні «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндік аясында бастауыш сынып ата-аналарымен бастауыш сынып және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметкалиева Мара Жамбылқызы  мен мектеп психологі және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Азимбаева Жұлдыз Түзелқызы «Бала жанының қорғаны – мейірім»  атты семинар - тренинг өткізді.

Семинардың  өту мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы, отбасындағы мейірім, сүйіспеншілік, махаббат және т.б. қасиеттер жайында ой-түрткі салу еді

Әр ата-ананың өз баласын жақсы тану, шуаққа,  мейірімділікке бөлеу мақсатында ата-аналардың сауаттылығын, педагогикалық-психологиялық білімін көтеруде өзекті мәселе болды. Арнайы дайындалған презентациялар бойынша жиналыс сәтті өтті.

  • «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» - жаттығуы
  • Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» (топпен жұмыс)
  • Аяқталмаған сөйлем «Менің балам...»
  • Бейнебаян «Мәңгілік серік»
  • Қорытындылау «Тілек шамы»

Семинар-тренингке 47 ата-ана қатысты. Ата-аналар «Отбасы» атауының мәніне терең үңіліп, оттың да үлкен маңызы бар екенін ұқты. Өткен тренингте ата-аналарға рухани құндылық тілей отырып, алғыс айтумен аяқтадық. Постер құру, қорғау, ситуациялық сұрақтарға жауап беруде әр ата-ана белсенді болды. Жиналыс соңы «Әке –Ана» әнін бірге орындаумен өз мәресіне жетті. 1»Ә», 4 «А», 3 «Б», 1 «Б» сынып ата-аналары  Шайхина Толқын, Саханова Бақыт, Асан Жанбота, Тілеш Айжан жиналыстан көп рухани байлық алып, ой түйгенін, бала –әр отбасының байлығы екенін  мойындап ізгі тілектерін арнады.








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное