Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Тұғыры биік тәуелсіздік» атты қалалық іс – шара өтті

Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясында қаңтар айының 30 күні ерекше жағдайдағы, ерекше оқушыларға арналған «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты қалалық іс – шара өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік тарихына шолу жасау арқылы ерекше жағдайдағы, ерекше оқушылардың қабілетін жетілдіріп, шығармашылығын ояту. Іс – шараға мектебіміздің 11 оқушысы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бірі әсем ән айтса, екіншісі жүрекжарды туындыларын тарту етті. Өз қолдарымен тәуелсіздік Қазақстанның суретін салып, туған жерге арналған эсселерін оқыды. Мектебіміздің талантты оқушылары әсем әнмен өрнектеп, мың бұралған бишілердің биімен тамсандырды. Осы іс – шараға қатысқан оқушылар: Усенов Жақсылық 6 «а» сынып оқушысы, Колупай Леонид 3 «б» сынып оқушысы, Елтай Аида 6 «ғ» сынып оқушысы, Кобзева Дарья 1 «б» сынып оқушысы, Куандыков Темирхан 4 «г» сынып оқушысы, Ломако Никита 5 «б» сынып оқушысы, Сейсенбек Ерқанат 5 «ж» сынып оқушысы, Жакыпов Мейіржан 6 «г» сынып оқушысы, Абишев Мирас 3 «д» оқушысы, Истомин Савелий 3 «д» сынып оқушысы, Жақсылық Жасұлан 1 «д» оқушысы. Қатысқан оқушылардың барлығы марапатталып, сыйлықтарға иеленді.












Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное