Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Адалдық дүкені

Ақпан айының 13-жұлдызында мектебімізде алғаш рет өз-өзіне қызмет көрсетуге негізделген «Адалдық дүкені» ашылды.
Бұл дүкенді ашудағы мақсат – өскелең ұрпақты жақсы қасиеттерге баулу және ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға оң әсерін тигізеді. Дүкеннен оқушылар мен мұғалімдер өздеріне қажетті заттарын алып, ақшасын арнайы жәшікке салады. Сатып алушыларды ешкім бақыламайды. Мұнда сатушы да, бейнекамера да, күзетші де жоқ. Барлығы сенім мен адалдыққа, адамның тәртібі мен ұятына негізделген. Өскелең ұрпақты жақсы қасиетке баулуды көздеген бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға да оң әсер етеді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті оқушыларды ішкі парасаттылық пен ар-намысқа тәрбиелеуге бағытталған.    








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное