Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Мектебімізде "Адалдық дүкені" ашылды

Integrity Shop жобасы (Адалдық дүкендері) республиканың барлық жоғары оқу орындары мен мектептерінде қолдау тауып келе жатқан жарқын бастама. Жобаға үлес қосу мақсатында бүгін "Адал ұрпақ" еріктілер клубының мүшелері мектебімізде "Адалдық дүкенін" ұйымдастырды. Дүкенде оқушы өзіне қажетті сомаға тауар жинап, сол соманы касса тәрізді арнайы жәшікте қалдырады. Осындай механизм Скандинавия елдерінде он жылдан бері сәтті қолданылып келеді. Жобаның мақсаты - балаларды адалдыққа, мәдениеттілікке, қамқорлыққа, сыйластыққа баулу. Осындай дүкендерді енгізу жастар арасында адалдық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Мұндай қасиеттер сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Сенім мен адалдыққа негізделген дүкеннің есігі әрдайым ашық!
"Адалдық дүкені" сендерді күтеді, достар!



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное