Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Мектебімізде "Қамқорлық " қайырымдылық акциясы жүруде

ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған 2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында кнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету үшін ұйымдастырған республикалық "Қамқорлық" акциясы  аясында мектебімізде атамыш акцияны өткізу туралы бұйрық шығарып, жоспар құрылды.
   Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық  жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын ұйымдастыру. Акцияны өткізу туралы "Мейірім шуағы"  атты ақпараттық бұрыш жасалып, 1-11 сыныптар арасында "Жүрегім толы мейірім " атты сынып ссағаттары өткізілді.
   Жоспар аясында көп балалы , аз қамтылған, толық емес отбасындағы , қамқорлықтағы балалары бар отбасыларында рейд жасалды. Айлық барысында мектептегі оқушылардың толық тізімі жасалып, тұрмыс төмен , көп балалы отбасынан шыққан  оқушыларға  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға қолдау көрсету үшін акцияға  қатысуға  демеушілер, ата-аналар қоғамдастығы , шефтік ұйымдар тартылды. Бұл акцияға өзгенің тағдырына немқұрайлы  қарамайтын, өз үлестерін қаржылай да, заттай да көмек беріп отырған жаны жомарт  жандардың аз болмағанын байқадық. Ата-аналар тарапынан да демеушілік  көрсетіліп, азық -түлектер, киімдер оқу құралдары әкелініп, әлеуметтік жағдайы төмен 23 оқушыға таратылып берілді.
   28 қаңтар күні мектептегі жетім оқушылар мен үйде оқитын  мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалпы 8 оқушыға ақшалай көмектер көрсетіледі. Мектепке қатысты шағын аудандар араланып, оқумен қамтылған балалар  мен жасөспірімдерді анықтау рейдтері жүргізілді. Нәтижесінде оқуға мүлдем қамтылмаған балалар анықталмады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное