Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Бастау" шығармашыл мұғалімдермен дөңгелек үстел өткізілді

   Мектебіміздің шығармашыл ұстаздарынан тұратын "Бастау" тобы дөңгелек үстел  өткізді. Мақсаты : оқытудағы қордаланған мәселелерді шешудің жолын қарастыру.мұғалімдердің өзіндік оқыту әдістемелерімен бөлісу, өзіндік көзқарасын тыңдау. Дөңгелек үстелге 22 мұғалімнен 13 мұғалім қатысты.
   Алдымен ұстаздармен психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатымен "Мюнстенберг" жаттығуын жасады. Мұнда көптеген әріптерден тұрған тұтас сөздерді 2 минут ішінде тез оқи отырып, сол сөздерді сызу керек. Мұндай жаттығудан кейін ұстаздар арасында жақсы көңіл күй орнап, топқа мәселелі сұрақтар қойылып, шешу мақсат етілді.
   Нәтижесінде 18-23 ақпан аралығында  апталық өткізу жоспарланды. Апталық барысында сабақтар, семинар-тренинктер, коучингтер жоспарланды. Сабақтарда мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс көрінуі тиіс.Апталық соңында "Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру" тақырыбында өткізу жоспарланды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное