Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Әлімжеттік және нашақорлықтың алдын алу»

12 ақпан күні Астана қаласы № 52 мектеп-гимназияда «Әлімжеттік және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында оқу ісінің орынбасары М.С.Сейтенованың басшылығымен 8-сынып жетекшілері А.Үсембаева, А.Төлентаева, Г.Дюсенова, Б.Тубекбаева, А.Амишова, Л.Жанисованың ұйымдастырылумен 8 – сыныптар арасында тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты:

- Қазақ халқының ер бала тәрбиесіне деген көзқарасын талқылау;

- Қазіргі таңдағы ер балалардың бейнесін талдау.

Мектептің әлеуметтік-педагогі Н.Қоңқабай  «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы баяндама оқыды және «Әлімжеттік және нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында видеоролик көрсетілді. Іс-шара әрі қарай тренингпен жалғасты.

Тренинг барысында оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа тақырыптар берілді және берілген тақырыптарды қорғады.

«Бәйтерек» тобы «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін не істеу керек?» тақырыбында өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Оқушылардың тамаша пікірлері қатысушы басқа оқушыларға ой салды.

«Мирас» тобы «Қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері. Оқушы мәдениеті» тақырыбында қазақ отбасындағы әкенің ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсетін ұрпақ тәрбиелеуі туралы ойларын айтты. Осыдан әр баланың жан-жақты мәдениетінің қалыптасуы туралы керемет ойларын жеткізе білді.

«Жігіттер» тобы «Болашаққа қадам. Рухани жаңғыру аясында» тақырыбында жақсы ойларын ортаға салып, болашаққа көз жүгіртті. Яғни, еліміздің болашағы – келешек ұрпақ екеніне көз жеткізді.

Қатысушы оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып,  өз ойларын ортаға салды. 8 «Б»- сынып оқушыларының дайындаған көрінісі қойылып, ол туралы да оқушылар өз пікірлерін керемет жеткізе білді. Ән айтылып, би биленіп, іс-шара өз деңгейінде өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное