Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

54 мектеп-лицейі Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) аккредитациясынан өтуге дайындық жұмысын бастады

Біздің мектебіміз Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) аккредитациясынан өтуге ниетті. Мектеп ұжымы дайындық жұмысын бастап та кетті.
CIS қауымдастығына кіру – мектептің үнемі өзін-өзі кемелдендірумен қатар, дамудың келешектегі зор мүмкіншіліктеріне жол ашады. CIS – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйым. Қазіргі уақытта белді клубқа көптеген мемлекеттердің флагмандық мектептері мен оқу кешендері мүше.

Ал CIS Аккредитациясының артықшылықтары:

✔Мектеп түлектерін әлемнің үздік жоғары оқу орындарына жетелеу (конференцияларға қатысу, көмек, даярлау жұмыстары);
✔Мектептің сұранысы бойынша, серіктестіктегі мектептермен (Халықаралық Бакалавриат) бірыңғай бағалау процедураларын жүргізу;
✔Халықаралық деңгейдегі көрмелерге және жоғары сапалық білім беру кадрларын іздеу бойынша жәрмеңкелерге қатысу;
✔Көрмелерге қатысу және мектептегі оқушылар мен координаторларды өзара біріктіретін ақпараттық ресурстардың қолжетімділігі;
✔CIS Халықаралық студенттік сыйлықақысына өз оқушыларын ұсыну мүмкіндігі;
✔CIS Membership Directory сайтында мектеп жайында ақпараттың (мектеп профайлы) орналасуы.
CIS мүшесі атану әрдайым жоғары деңгейде білім беруге қолжетімділіктің белгісі болып табылады.

Ендеше, мектебіміздің Халықаралық Мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтіп, куәлігіне ие болуына тілекшіміз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное