Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Критериалды бағалау дегеніміз не?» тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Астана қаласы, №59 мектеп-лицейінде  2019 жылдың 2 ақпан күні , 10.00-де  Астана қаласы Білім Басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының қатысуымен  «Критериалды  бағалау дегеніміз не?» тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Қалалық бұл жоба Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына   «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты  Жолдауының  бес басымдықтарын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында  білім беру мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған. 

Семинардың  мақсаты мен міндеттері:

Критериалды  бағалау жүйесі бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмысы төңірегіндегі ойлар, тұжырымдамалар, сараптаулар туралы әңгіме қозғау, түсіндіру.

Семинардың  мазмұны: семинар-коучинг  барысында қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісі кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылатындығын түсіндіру.














Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное