Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Астана қаласы 57 орта мектепте қоғамдық-гуманитарлық пәндердің "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" атты онкүндігінің аясында оқушыларға бағытталған көптеген іс шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде

Астана қаласы 57 орта мектепте қоғамдық-гуманитарлық пәндердің "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" атты онкүндігінің аясында оқушыларға бағытталған көптеген іс шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Пәндер бойынша "викторина күні" ұйымдастырылды, 5-11сын оқушылары пән бойынша білімдерін сынап, үлкен қызығушылық танытты. "Әншілер күнінде" 7 сынып оқушылар арасында ағылшын тілінде ән айтудан байқау өтті, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, әншілік қабілеттерін көрсетті. Ақын, жазушылардың мерейлі жастарына арнап плакаттар шығарды. У.Шекспирдің 455 жылдығына орай 10 сынып оқушыларымен әдеби кеш өткізілді. Оқушылардың үш тілді білу дағдыларын анықтау мақсатында "Полиглот күні" өтті. Оқушылар тіл білуге деген құштарлықтарын көрсетіп, белсенді қатысты. 5 сынып оқушылар арасында пәндерден логикалық тапсырмаларды шешуден "Кім жылдам? " спорттық эстафета өткізілді, оқушылар шапшаң әрі жылдам тапсырмаларды орындап қана қоймай өздерінің спортқа да жақындықтарын көрсетті. 6сынып оқушыларының арасында тарих пәнінен "1001 мақал" интеллектуалдық ойыны өткізілді, 5-10 сынып оқушыларының арасында "Абай мен Шәкәрім жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. 9-11сынып оқушыларымен "Всё начинается с любви" атты әдеби музыкалық қойылым көрсетілді. Онкүндік іс шаралары өз жалғасын табуда.
sfsf

dfdfd

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное