Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Lessоn Study оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіру ретінде» қалалық конференциясы

Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте 29 қаңтарда «Lessоn Study оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіру ретінде» қалалық конференциясы өтті.

Конференция мақсаты - 2018-2019 оқу жылғы сабақтарды зерттеу бойынша бірінші жартыжылдық қорытындысын жасау, ең үздік идеялармен алмасу және оларды тәжірибеге енгізу үшін қала мұғалімдерімен диалог алаңын құру.  Конференцияға Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Айжан Әбілдақызы Шәді, ПШО аға менеджері Ж.К. Байгаринова, № № 8, 23, 24, 32, 38 мектеп директордың орынбасарлары мен мұғалімдері қатысты. Конференция қатысушыларын мектеп директоры Б.К.Айтмухаметова құттықтады. Сабақты зерттеу барысындағы әр түрлі бақылау тәсілдер презентациясымен Педагогикалық шеберхана орталығының аға менеджері Ж.К.Байгаринова баяндады. Мұғалімдер 4 секция бойынша жұмысты жалғастырды. Қалалық конференцияда зерттеу тобының тыңдалған баяндамалар нәтижесінде және оларды талқылауда, оқыту сапасын жақсарту мақсатында конференция қатысушыларына әдістемелік нұсқаулар енгізілді:

  1. Lesson Study бірыңғай күндерін өткізу.
  2. Зерттеу және бақылауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша мұғалімдерді үздіксіз оқыту.
  3. Зерттеу сұрақтарын бір циклмен есептеу.
  4. Зерттеу сұрақтары бойынша мәлімет базасын құру және жұмыс тәжірибесін тарату.
  5. Зерттеу сұрақтары бойынша серіктестік мектептерді біріктіру.
  Зерттеу нәтижелерін балалармен кері байланыс арқылы талдау.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное