Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), Қызылша

Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), Қызылша

                                                               Жедел респираторлы вирусты инфекциялар.

                                                                               (ОРВИ)

         Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) - ең кең тараған барлық жұқпалы аурулардың 90%  құрайтын ауру.  ЖРВИ-дің таралуы қыста жиірек (вирустар бұл кезде белсендірек), жазда-сирегірек.

         ЖРВИ-ді қоздыратын вирустар тыныс жолдарының; мұрын және көмекей, жұтқыншақ және бронхтардың, тіпті өкпенің эпителий жасушаларын зақымдайды. Вирустардың көптеген түрлері бар, олардың ішінде барлығымызға  белгілісі –тұмаудың вирусы, сонымен қатар басқалары да бар, олар- парагрипптің вирусы, аденовирус, риновирус, реовирус және т.б, бұл вирустардың әрқайсысының бірнеше түрі болады.

         Қоршаған ортада вирустар тез жойылады, бірақ адамнан адамға ауа- тамшылы жол ( түшкіру, сөйлесу)  арқылы жұғады. Ауруды жұқтырғаннан кейін алғашқы белгілері пайда болғанға дейін аз уақыт өтеді. Бірнеше сағаттан бастап, төрт күнге дейін ( бұл жасырын кезең).  Кез келген респираторлы вирус  бүкіл тыныс алу жолдарын емес, тек белгілі бөлігін зақымдайды. Вирустар тыныс жолдарының әртүрлі бөлімдерін талғап орналасуымен сипатталады.

           Риновирус- мұрынның шырышты қабатында орналасады, парагрипп – көмей мен кеңірдікте, грипп – кеңірдек пен бронхта және т.б.
ЖРВИ-дің міндетті түрде болатын белгісі- суық тию. Ол кезде адамның дене қызуы (38,5С дейін) көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар  кілегей  қабықтардың ісінуі байқалады- катаралды көрініс: мұрынның бітелуі және мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, көздің шаншуы, жас ағу, жөтел, кейде ұстама тәрізді құрғақ жөтел, қақырық түсуі мүмкін.  Айта кету керек, ЖРВИ-дің тұмаудан айырмашылығы,  әлсіз  көрініс  дене қызуының көтерілуімен бірге немесе одан да бұрын пайда болады. Әдетте тұмау жедел басталады: қалтырау, дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі, тершеңдік, бұлшық еттердің ауруы, бастың қатты ауруы, көзден жас ағу, қатты жөтел, тамақтың жыбырлауы, мұрынның бітелуі және т.б белгілер пайда болады.

Диагнозды аурудың отбасында немесе барып жүрген балалар ұжымында тұмаумен ауырған адаммен қатысқанына және лабораториялық зерттеулерге сүйеніп қояды. Емдеу:
ЖРВИ –мен ауырған адамдар көбіне үйде емделеді. Дәрігер келгенше ауруды төсекке жатқызып, оңашалау және жақсы күтімді қамтамасыз ету керек. Ауруханаға көбінесе аурудың ауыр және асқынған түрлерімен ауырған балаларды жатқызады. Аурулардың жеке гигиенаны сақтауларына және бөлмені таза ұстауға аса көңіл аудару қажет. Тамақты организмнің ерекшелігіне және жасына қарай тағайындайды. Тамақ жеңіл сіңімді және витаминдерге бай болу керек. ЖРВИ-дің асқынбаған жеңіл түрлерінде арнайы емді және дәрі дәрмектерді қолданбай-ақ қоюға болады.

       Алдын алу:

            Тұмаудың және басқа ЖРВИ- дың алдын алу шаралары негізгі үш бөлімнен тұрады:

1.Ауру адамды  инфеция  көзі ретінде сау адамдардан оңашалау;
2.Қоршаған ортадағы вирустарды жою;
3.Организмнің тұмауға және басқа респираторлық вирустық ауруларға қарсы төзімділігін көтеру.

 

Қызылша

 

Қызылша (лат. Morbilli) — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмек керек.

Емдеу жолдары 

  1. Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпаберіңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.
  2. Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.
  3. Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол(аспирин) беру қажет.
  4. Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.
  5. Өкпесінің қабынғандығын, менингиттінемесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.
  6. Егер баланың іші өтсе, регидрационды суберіңіз.

Алдын алу

Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудан болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное