Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Спорт сүйер отбасы»

    26.01.2019ж. Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде 4 сыныптар мен ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, қыстық спорттық сайыстарға деген қызығушылығын ояту мақсатында «Спорт сүйер отбасы» атты қыстық спорттық ойын ұйымдастырылды. Сайысқа «Сұңқар», «Қайсар», «Радуга», «Непоседа» топтары белсене ат салысты. Әр топ өздерінің ұрандарымен, эмблемаларымен, жанкүйерлерімен ерекшеленді. Сайыс үш кезеңнен тұрды. 1- кезеңде ата-аналар шаңғымен сырғанау эстафетасында өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын көрсетсе, 2-кезеңде ата-аналар оқушыларды балонға отырғызып, сүйреуден жарысты. 3-кезеңде «Қардан қазына іздеу» сайысында оқушылар командада жұмыс істеу арқылы өздерінің икемділіктерімен төзімділіктерін байқатты. Сайыс өте қызықты әрі тартымды өтті. Сайыста 1-2 орынды Сұңқар, Қайсар топтары иеленсе, 3-орынды Непоседа мен Радуга топтары бөлісті.



         

           
 
       




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное