Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Ұлы даланың даналары» атты республикалық байқауы

26 қаңтарда Астана қаласындағы № 65 мектеп- гимназиясында «Ұлы даланың даналары» атты республикалық байқау өтті. Байқаудың  мақсаты-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде  оқушылар берілген ұлы тұлғалардың біреуінің шығармасын жатқа айтты (А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы). Екінші кезеңге өткен оқушыға  жоғарыда аталған тұлғалардың шығармашылықтарынан сұрақтар қойылды. Бұл сайысқа № 64 мектеп- лицейінің оқушылары да белсенді қатысты.  5 «М» сынып оқушысы Өсербек Әмина ІІ дәрежелі дипломмен (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шотпаева А.Б.); 9 «к» сынып оқушысы Құрмантаев Сағынтай
ІІІ дәрежелі дипломмен; (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махметова Т.С.) 10 «А» сынып оқушысы Амангельдин Дамир мен 7 «Г» сынып оқушысы Сырымбек Дамир (жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жусупбекова Д.Б. мен Зардыхан Болашақ) белсенді қатысқандары үшін дипломмен марапатталды. Осындай тамаша жетістік көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатқан оқушыларымызға тек биік шыңдардан көрінуін тілеймін.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное