Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Бүгін 2019 жылдың 26 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 1,4,9 сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні болып өтті. 1 сынып оқушыларының ата-аналары барлық пән мұғалімдерінен өз балаларының сабақ үлгерімі, тәрбиесі туралы толық мәліметтерді ала алды. 4,9 сынып ата-аналарына мектеп тренерлері Ж.Б.Есіл, А.М.Биманова, Ә.Б.Қасен, А.Т.Қайыржановалар жаңартылған білім беру мазмұны жайында коучингтер өткізді. Аталған жұмыс түрінде ата-аналарға "Жаңартылған білім беру мазмұны" толық түсіндіріліп, кері байланыс алынды. Ата-аналар тарапынан алдағы уақытта ашық есік күндері жиі өткізсе деген ұсыныстар айтылды.
 

 

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное