Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жазушы Роза Мұқановамен кездесу кеші өтті

Кеше мектебімізде Елбасының "Рухани жаңғыру" "Ұлы даланың жеті қыры" аясында жүргізіліп жатқан көптеген іс-шаралардың бір тармағы ретінде жазушы Роза Мұқановамен кездесу болып өтті. Кездесуге ұстаздар мен мектебіміздің жоғары сынып оқушылары қатысты. Өз кезегінде жазушы өзінің шығармашылық жолы туралы көптеген қызықты әрі маңызды мәселелерді айтып өтті. Кездесу барысында мектебіміздің әдебиетке, шығармашылыққа жақын өлең айтып журген болашақта жазушы ақын болғысы келіп журген талантты дарынды оқушылар өз шығармаларын оқып жазушыға сый жасады. Сонымен қатар оқушылар өздерін толғандырып жүрген әдебиет жайлы сұрақтар қойып, жазушыдан ұтымды жауаптарын алды. Кездесусоңы жазушыдан қолтанба алып бірге фотосуретке түсумен аяқталды. Кездесу өте жақсы жоғары деңгейде өтті. Жазушы да оқушылар мен көрермендерге дән ризашылығын білдіріп мұндай кездесудің кейінгі буынға берері мол екенін айтты.









Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное