Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Критериалды бағалаудың табысты жолдары" атты ата-аналар жиналысы

26 қаңтар күні №55 орта мектепте "Критериалды бағалаудың тиімді жолдары" тақырыбында 1,4,9сынып ата-аналар жиналысы өткізілді. Барлығы 80 ата-ана қатысты. Жиналыс барысында жеке,жұптық,топтық жұмыстар жүргізілді. Топтық жұмыс барысында жұмыс істей отыра өздерін бағалауды үйренді. Бір ерекшелігі ата аналардың барлығы өз жасаған жұмыстарына жоғары баға қойып отырды. Ұстаздар ата-аналарға әр дискриптордың суреттегі дәлелін әрі суреттің дәл салынбағанын нақты түсіндіре білді. Жеке жұмыс дүниетану пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары берілді. Берілген тапсырма іс-әрекет түрлерінің атауларымен сәйкестендіру қажет етілді. Және де тапсырма оңай түрінде берілгенімен оған нақты мән берілу талап етілді. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дамелі Бимағамбетқызы жиналыс барысында арнау өлеңін шығарып бөлісе білді.
Тамырымен жас ағашпен көгереді
Түп тамыры мықты екен деген еді
Іргетасы қашанда мықты болса
Өсер еді ұрпағымыз өнегелі.
Бірі жақсы жаман деп санамайық
Балаға бала деп біз қарамайық
Сыйластық достықпенен әрқашанда
Бірімізді біріміз бағалайық!
        

  

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное