Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жаңартылған білім бағдарламасы – сапалы нәтиже құралы»

Мақсаты: Заман талабына сай сабақтың нақты мақсатын анықтай отырып, нәтижеге жету жолдарын зерттеу арқылы  білім сапасын арттырудың жолдарын қарастыру, озық тәжірибені насихаттау, өзара тәжірибе алмасу.

   Апталықтың алғашқы күні жоғары санатты, тәжірибелі мұғалім Мұхаметжанова Шолпан Ермекбайқызы сауат ашудан үлгі-сабақ көрсетті. Апталықта 1-2 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер ашық сабақтар өткізді. Сауат ашу, математика, жаратылыстану сабақтарында мұғалімдер жаңартылған оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып жоғары деңгейде сабақ үлгісін көрсетті. Жаңарту бағдарламасы бойынша курстан өтпеген 1Е сынып мұғалімі Мустафина Ардақ Жұмақанқызы  сауат ашудан,    «Р дыбысы мен әрпі» тақырыбында өткізген сабағында жеке, жұптық, топтық жұмыстарды жүргізе отырып жоғары деңгейдегі сабақ үлгісін көрсетті. Сонымен қатар     2А сыныбында Мамыраймова Зәуреш Төлендіқызы математикадан «Өлшеу құралдары» тақырыбына, 1Б сынып мұғалімі Жетписова Айгуль Амантаевна математикадан «Кеңістік фигуралар» тақырыбына, Жұмабай Шалқар Садыққызы математикадан «Жазық фигураның моделі» тақырыбына жоғарғы деңгейде сабақ өткізді. Өткізілген ашық сабақтарға мектеп директоры, әкімшілік, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

«Білім берудің қай түрі болмасын -  тәрбие», 3 - сыныптар арасындағы флешмоб.
 Бастауыш сыныптар бірлестігі апталығы аясында «Әкем, шешем және мен!»

4-сынып оқушыларымен ата-аналары арасында эстафеталық ойындар сайысы өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.

     «Арайлы алтын күз» тақырыбына арнап табиғи материалдардан жасаған оқушылардың жұмыстары «Жолда сақ бол, балақай!» МАИ-да қызмет жасайтын ата-аналардың қатысуымен практикалық сабақты Джумаева Фатима Таджибаевна  өткізді. 

                 Өткізілген сабақтардың нәтижесінде ұстаздардың жаңарту бағдарламасын өз деңгейінде меңгергендіктерін байқадық. Алдыңғы тоқсандарда да белгіленген жұмыстарды өз деңгейінде жүргізіп, сабақтарға жүйелі түрде қатысуды жалғастырудамыз.

             


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное