Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Қазақтың қасиетті рухани құндылықтары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді

    «Қазақтың қасиетті рухани құндылықтары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді
Мектебімізде 2017 жылдың 15-16  қарашасы аралығында І-ІІ ауысымда  «Қазақтың қасиетті рухани құндылықтары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.  Жиналыс барысында сынып жетекшілер :  «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мемлекет басшысының мақаласын ауқымды түрде талқылай келіп, отбасындағы  рухани құндылықтарға айырықша мән берілді. Әрбәр сыныптың жиналысына қатысқан мектеп басшысы А.А.Мухаметжанова «Әрбір оқушының бойында  тағылымы мол тарихы мен  ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын  мұғалім – оқушы- ата-ана тарапынан үзілмес үндестік болуын баса назарда ұстауымыз қажет.»,- деді . Рухани жаңғырудың даңғыл жолына қадам басып, бейбіт заманда  жаңартылған білім мазмұнынан терең түсінік алған ата-аналар легі өз ризашылықтарымен бөлісті.




       

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное