Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Білім күні» тақырыбындағы мектепішілік олимпиаданың өткізілуі

№58 мектеп –гимназиясында 2017 жылдың 26-27 қазанда «Білім күні» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында негізгі пәндерден мектепішілік олимпиада өтті. Ондағы  мақсат:
  • Оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттыру;
  • Дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау;
  • Аудандық олимпиадаға оқушыларды іріктеу.
Олимпиаданың ашылуы мәжіліс залында өтті. Директордың ғылыми –әдістемелік орынбасары  Кожахметова Бақыт Садахқызы мектепішілік олимпиада ережесі бойынша нұсқаулық және  бұйрықпен таныстырды. Құттықтау сөз директордың оқу –ісі жөніндегі орынбасары  Абикеева Раушан Сагдатқызына берілді.
Олимпиада 2 турдан тұрды. І тур- теориялық, ІІ тур – практикалық.  Олимпиадалық тапсырманы 90% орындаған және олимпиада  өткізу ережесін бұзбаған  оқушы жеңімпаз бола алатыны айтылды. Жеңімпаз оқушылар аудандық пәндік олимпиадаға жолдама алатын болады.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное