Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Тәуелсіз қазақ елі – Алаштың орындалған арманы» атты кездесу

24 қазан күні №69 мектеп-гимназиямызда Астана қаласы Есіл аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі Ерлан Ахмеди «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына орай «Тәуелсіз қазақ елі – Алаштың орындалған арманы» атты кездесу ұйымдастырды. Іс – шарада «Алаш» партиясы және Алаш қайраткерлері жайында баяндамалар, М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлеңі оқылып, «Алаш» партиясының съезі атты театрландырылған көрініс қойылды. Көрермендерге Алаш қозғалысы жайында деректі кино көрсетілді. Кеш соңында оқушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное