Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым- қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында білім саласынада қатысты мәселелерде қарастырылған.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді делінген.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. «Балапан ұяда не көрсе ,ұшқанда соны іледі»-демекші әкеден ақыл, анадан мейірім алады. «Мектеп-кеме, білім-теңіз» десек, бала бар жақсылық пен игілікті, тәрбие мен білімді мектептен алады.Баланың мейірімді, еңбекқор, тәрбиелі, білімді болып өсуі ата-ана мен мұғалімнің еңбегінің жемісі. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастық пен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімдік орнамақ.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное