Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Тілі басқа- тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір» тақырыбында тілдер мерекесі өткізілді.

Жыл сайын 22 қыркүйекте Республикамыздағы барлық ұлт өкілдері Тілдер күнін атап өтеді. Әрбір тілдің басқа ұлт өкілдерінің тілдерімен байланысты өзіндік тарихы, тағдыры бар. Тіл арқылы біз үнемі қарым-қатынаста боламыз. Тіл мен қарым-қатынас біріккенде сыйластық, ұлттардың достығы, адамгершілік пайда болады. Халықтар достығының арқасында біздің қоғамымыз, тіліміз  дами береді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы –Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті  «Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жариялаған еді.

22-қыркүйекте «Тілі басқа- тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір» тақырыбында тілдер  мерекесі өткізілді.

 Мақсаты: Жас ұрпақты мемлекеттік тілді мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Туған елін сүюге, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көз қарастарын қалыптастыру. Оқушылардың «ҚР Тіл туралы» Заңына арқау болып отырған мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін ояту,  қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәні мен маңызына терең мән беру, тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, өз елінің салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, отаншыл болуға баулу.

Қазақстан Республикасының «Тілдер» мерекесіне арналған іс-шараны тәрбие ісінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, ағылшын тілі пәні мұғалімдері ұйымдастырып, оқушыларды жұмылдырды. Мерекенің ашылу салтанатына арналған оқушылардың әзірлеген әдеби-музыкалық монтажы ұсынылды.

«Тілі басқа- тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір» тақырыбы аясында бастауыш  сыныптар арасында қабырға газеттері мен көрмелер шығарылып, ең үздік қабырға газетін шығарған бастауыш сынып оқушылары марапатталды.

  

«Тілі басқа- тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір» тақырыбы аясында мектепішілік кешті жоғарғы деңгейде ұйымдастырып өткізді. Бұл кештің қорытынды есебі ретінде іс-шараға белсене қатысқан оқушылар мен сынып жетекшілеріне алғыс жарияланып, өткізілген жұмыстың қорытындысы жасалды. Жүргізушілер іс-шараны қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде жүргізіп, мектебімізде үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлестерін қосқанын байқауға болады. Үш тілде оқушылардың тіл туралы өлеңдері оқылып, ән-билерге кезек берілді.

Мұнда оқушылар ұстаздарды,оқушыларды «Тілдер мерекесімен» үш тілде құттықтады.

             

Содан соң қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақпақ,өлең айтып, би билеп және де осы апталықта болатын іс-шаралармен таныстырды.

 Тіл - қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Тілі жоқтың - ұлты жоқ. Ұлты жоқтың бойында ұлттық қасиет жоқ. Дәстүрді құрметтеу, мәдениетті қастерлеу - тілмен келетін, тілмен сіңетіне, тілмен қалыптасатын құбылыс. Иә, тіл - адамдар арасындағы аса маңызды қарым- қатынас құралы, тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тілдің болмайтынын ескерсек, аумағында 100-ден аса ұлт өкілдері тұратын Қазақстан шын бұл мерекенің қаншалықты маңызды екенін айтпасақ та болады. 

  Тіл-қоғам өмірін ұйымдастырушы басты күш болумен қатар әлеуметтік және экономикалық өрлеу мен дамудың, халық пен қоғам өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың айнасы.

 

Қорыта келгенде, Тілдер мерекесінде өткізген іс-шараларымыз оқушыларда өзіне деген жауапкершілікті алуға қабілеттілік, шешімдерді бірлесіп қабылдауға қатысу, бірін-бірі құрметтеу, бірнеше тілді меңгеру құзыреттіліктері қалыптасты. 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное