Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жолда жүру ережесі

Мақсаты:  Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра  білуге үйрету. Жолда   жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, ақ болуға,көшеде  өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Жол жүру ережесі» атты тақырыбында мектептегі сынып сағаттарында мектеп инспекторымен бірігіп түсіндіру жұмысы өтті.

Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы»Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

  1. ескерту белгілері
  2. басымдылық белгілері
  3. тыйым салу белгілері
  4. міндеттеу белгілері
  5. ақпараттық-көрсеткіш белгілері
  6. қызмет көрсету белгілері
  7. Қосымша тақтайшалар.

Мектеп әлеуметтік педагог М.Е. Дүкенбаева «Жол жүру ережесі»  Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында,қалай болса солай доп қуалайтыны,шанғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаңдар.

Мектеп педагог-ұйымдастырушысы Г.С. Сариева:  Қазіргі таңда балалар және үлкендер өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау- мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілерде бұлжытпай орындауы керек. Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек

Мектеп инспекторы А.А. Алиасқар  Қазіргі кезде жыл мезгілі қыс кетіп, көктем келіп жатыр, осы уакытта  оқушылар жаяу жүргінші жолдан байқап өтіп жол ережесін сактау керектігін біліп жүруіміз қажет. Жаз мезгілінде демалысқа шығып  қаладан тыс жерде жүргенде оқушылар жол ережесін біліп жүру қажет Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі.
 
      

      


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное