Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Оқыту мен бағалаудағы жаңа әдіс-тәсілдер: теориядан тәжірибеге» атты қалалық семинар бағдарламасы өтті.

«Оқыту мен бағалаудағы жаңа әдіс-тәсілдер: теориядан тәжірибеге»  атты қалалық семинар бағдарламасы өтті.

Семинарға Астана қаласы ПШО, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, ПӨО тренерлері, Астана қаласы Білім Басқармасының әдіскерлері, Астана қаласы жетекші және серіктес мектептерінің 1- сынып мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері бірлестіктерінің жетекшілері, директордың бастауыш сынып бойынша орынбасарлары қатысты.
Мақсаты:Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқыту мен бағалау мәселелері бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Міндеттері:
- бірінші сынып оқушыларының білім ортасында қалыптасқан өзекті мәселелерді  түйсіну және білім мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің рөлін нақтылау арқылы семинар-практикум қатысушыларының әдістемелік әлеуетін  өзектілендіру;
- семинар-практикум қатысушыларын оқу мазмұны, мақсаты мен міндеттерін түйсіну жағдаятына   және оқушы әрекеті нәтижесін бағалауға кірістіру;
-сабақ барысында әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту технологиясы,  бағалауды бақылау және практикалық талдау жасайтын ортасын қамтамасыз ету;
- білім мазмұнын жаңарту,білім үрдісіне заманауи педагогикалық технологияны енгізу және игеруде қатысушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Семинар-практикумның форматы:
жалпы сессия №15 мектеп-лицейінде өткізіледі және Астана қаласының 12 жетекші мектептерінде on-line режимінде көрсетіледі.
- секциялық жұмыстар бір уақытта Астана қаласының жетекші  №38 мектеп-лицейдің базасында жүргізіледі.
Барлық жүргізілген сабақтар өз дәрежесінде жүргізілді. Семинарға қатысушылар кері байланыс парақтарына жоғары деңгейде деп пікірлерін білдірген. Тәжірибе алмасу, ата-аналармен жүргізілген сабақ, мектебімізге бекітілген ПШО тренері Нугербеков Төлеген Кәкімұлы өткізген тренинг те келген мұғалімдерге тәжірибеде қолдану барысыда өте тиімді болатыны сөзсіз. Семинар соңында ашық сабақ көрсеткен ұстаздар дипломдармен марапатталып, мектебіміздің кішкентай өнер жұлдыздарының әсем әндері мен билерінен концерттік бағдарлама ұсынылды.

 



 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное