Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жүрек - сезімге толған күн»

2017 оқу  жылының   15 – сәуірінде  жоспар  бойынша  № 59 мектеп – лицейінің  8-10 сынып оқушылар  аралығында  мерекелік  іс-шара  Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтті. 

Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтіп, осы күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға  ұлы  сезімімізді білдіріп, құрмет көрсету барысында  әр қазақтың борышы болса керек.

№ 59 мектеп – лицейінің 8-10 сынып оқушылары осы күнді атап өту мақсатында  әдеби – музыкалық  композиция   дайындады. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу поэмасының  желісіне сүйене отырып  сахналандырылды.

 М. Мақатаев, А.С. Пушкинің поэзиясынаң достық, махаббат тақырыбына арналған өлең-жырлар  оқылып, әндер айтылып, көзайым көрермен көңілінен  орын алды.
          Махаббат - дүйім дүниенің- ең асылы, жалпақ жалғанның- ең кіршіксіз сезімі, бұл сезіммен барлық әлеммен бөлісуді, оқушыларға  кішкентайынан үйрету керек. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, құрбы – құрдастарын құрметтеуді  үйренген  ұрпақ біздің халқымыздың келешегі болмақ.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное