Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Мектеп білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте «Мектеп білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.  Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасаудың бір жылы да аяқталып келеді. Бірінші сынып мұғалімдерінің алғашқы қадамдары бойынша ойларды директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасарлары Курсанова Бақыт Қабылдақызы мен Сатыбалдина Гүлнар Ахметқызы атап өтті.   Мектептің осы оқу жылында мектеп даму жоспарына сәйкес жұмыс жасағанына қарамастан 5, 7 сыныптарда сабақ жүргізетін мұғалімдердің  дайындық жұмысына  көп көңіл бөліп, ата-аналармен тығыс қарым-қатынаста жұмыс жасау қажет. Мұғалімдер әлі де көп нәрсеге үйренуін қажет екенін түсінеді. Осы мақсатта мектептің даму тобындағы 1,2,3 деңгей мұғалімдері әр түрлі пәндерде дескрипторлар құру бойынша топтармен жұмыстар жүргізді. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша оқу сапасының көрсеткіші 58,5% жеткендігі қуантады. Бұл ІІ тоқсан қорытындысына қарағанда 6% жоғары. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алимова Зайра Сейлханқызы оқу үлгерімі бойынша қорытындыға және педагогтардың 9-шы, 11-ші сыныптардағы қорытынды аттестацияға көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Жалпыға міндетті оқу бойынша есепті директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ергалиев Хайдар Қайрполлаұлы таныстырды. Педагогтардың алдында Қайырымдылық кеңесінің төрайымы Руденко Елена Владимировна баяндама жасады. Ол қайырымдылық кеңесінің қазіргі таңда атқарып отырған қызметіне тоқталып өтті: бірыңғай мектеп формасын таңдау, оқушылардың сабаққа кешігу мәселесін шешу, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара түсіністігі және т.б. Себебі біз ата-аналармен басты іс атқарудамыз, ол – балаларды оқыту мен тәрбиелеу. IV тоқсанға педагогикалық ұжымның бірігіп, күш жұмылдыра отырып атқару қажет мақсаттар қойылды.

          


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное