Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Республикалық он-лайн режимінде интерактивтік сабақ. Информатика пәнінен.

Бүгін 06 сәуір күні 2017 жылы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің информатика пәнінің оқытушысы Омарова Айгүл Қажымұратқызы «Дыбыстық ақпаратты өндеу. Дыбыс жазу.» тақырып бойынша Республикалық он-лайн режимінде интерактивтік сабақ 5 «Б» сыныбында  өткізілді.

Мақсаты: Тақырыпқа қатысты AudaCity бағдарламасын игеру арқылы дыбысты өндеу және жазуды үйрету. Дыбыстық ақпарат арқылы оқушылардың танымдық – ақпараттық белсенділігін арттыру. Дыбыс жазу қабілетін дамытып, дауыстық ақпаратты өндеу, дыбыс жазу арқылы заманауи технологияға байланысты тәрбиелеу болатын.

Сабақ барысында балалар үш топқа бөлініп AudaCity бағдарламасында дыбысты өндеу, жазуды, жақсы меңгеріп шықты. Дыбыстық ақпарат арқылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына байланысты бірінші топ Астана радиостанциясы, екінші топ Шалқар радиостанциясы және үшінші топ Хабар радиостанциясы болып бөлінді. Әр радиостанциясына тапсырма берілді, сол тапсырманы AudaCity бағдарламасына дауыс енгізіп оған музыка-өлең біріктіріп, артық дауыстарды алып тастау, музыканы белсеңдетіп немесе көбейтіп Wav кеңейтілуіне сақтауды үйренді.      

1-топ Астана радиостанциясы «Астана қаласының шығу тарихын айту»

2-топ Шалқар радиостанциясы «Тәулсіздігіміздің 25-жылдығына орай Эссе дайындау»

3-топ Хабар радиостанциясы «Өлең және тақпақ мәнерлеп оқып дайындау»

Балалар берілген тапсырманы жақсы меңгеріп, білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Осындай жаңа бағдарламамен интернет арқылы жасаған жұмыстары өздеріне ұнағанын рефлексия, смайлик арқылы айтып жеткізді.







Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное