Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Өмірге Ия деп айт!»

«Өмірге Ия деп айт!» республикалық науқан аясында өткізілген
іс- шаралардың қорытындысы бойынша есеп
№24 орта мектеп

 

          Астана қаласы Білім басқармасы 23.02.2017 жылғы ю 15-03-01/12 бұйрығы негізінде мектепішілік жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. «Өмірге Ия деп айт» республикалық науқан аясында №24 орта мектепте түрлі іс- шаралар өткізілді.

          24 ақпанда мектепішілік ата- аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы: «Әлеуметтік желілердің зияны». Күн тәртібіндегі көрсетілген мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сергазина Г.Е. слайд- презентация арқылы ата- аналарға әлеуметтік желілердің зияны туралы ойды жеткізуге тырысты. Мектеп психологтары Шайх Н.С., Жакаева А.С.   ата- аналармен тренингтер жүргізді, ал жиналыс соңында «Жалпы орта білім беру мекемелерінде смартфон қолдануыға тыйым салуға Сіздің көзқарасыңыз қандай?» тақырыпта жарысын сауалнама алынды.

                   

Информатика пән мұғалімдері Таюпова А.Қ., Абдұлла Ұ.М. 5-6 сыныптар арасында Power Paint бағдарламасында «Интернеттің зияны мен пайдасы» тақырыбында сурет сайысын ұйымдастырып өткізді. 5-6 сынып оқушылары аталған сайысқа белсене қатысты. Балалар өз суреттерінде әлеуметтік желілердің адамның өмірінде алатын орнына көрсетуге тырысты.

 

       


Наурыздың 3-де 5-11 сыныптарда «Өмір тамаша» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері сынып сағатын түрлі формада өткізіп, балалармен бірлесіп жұмыс жасады.

         

            

Өмір деген тұрмайды қап-қарадан

Өмір деген тұрады ақ- қарадан

Ақ –Қара, екі арасын ашып өтіп

Арымен өз бақытын тапқан Адам!- дей келе, наурыздың 4-де 8-11 сыныптар арасында «Болашақ» өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Мен өмірді сүйемін» ұранымен «Биле- 24» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын би қимылы арқылы көру, өнерге баулу. Өз өнерлерінде өмірге деген құштарлығын, жақсылық пен жамандықтың күресін жеткізуге тырысты. Әділқазылар әділ баға беріп, жеңімпаздарды анықтады.



Бастауыш сыныптары арасында «Өмір тамаша!» және «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сурет сайысы өтті. Балалардың белсенділігі жоғары болды. Сайыстың соңында 2 қабатта көрме ұйымдастырылды.

      

Мектеп психологы Шайх Н.С. «Өмір маған қымбатсын» тақырыбында 6 сынып оқушыларымен тренинг өткізді. Тренингті өткізуге дене шынықтыру пәні мұғалімі Жукубаев М.М. атсалысты.

  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное