Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Армысын, әз – Наурыз!» атты мерекелік шоу-бағдарламасы

20 наурыз 2017 жылы  №72  мектеп-лицейінде 22 Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Жұмыстың мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды.  Әр сынып Наурыз мерекесі туралы ұлттық дәстүрді көрсетіп, ұйымдастыруға тапсырма алды. 1-9 сынып оқушылары және ата-аналардың қатысуымен «Дүбірле менің Наурызым» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.  Сынып оқушылары қабырға газеттерін жасап мерекеге сай сыныптарын  безендірді. Мектепішілік  5-9 сынып оқушыларына арнап  «Армысын, әз – Наурыз!»  атты мерекелік  шоу-бағдарламасы жүргізілді.  Барлық сыныптар белсенді қатысып,  өз өнерлерін көрсетіп,  ұлттық киімдерін киіп келді.  Сонымен қатар мектепте 10-11 сынып оқушылары арасында қазақ халқының ұлттық ойындары ойналып,  воллейболдан  турнир ұйымдастырылды.  Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа  жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауімі оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное