Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Наурыз құтты болсын!

     Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін №64 мектеп-лицей ұстаздары мен оқушылары жоғары деңгейде атап өтті. Мереке қарсаңында мектеп қабырғалары «Қазақ батырлары», «Салт -дәстүрлер»,  «Ұлттық ойындар» атты сынып газеттерімен безендірілді. Ал мектебіміздің бірқатар  мұғалімдері өздері қолдарымен жасалған шашақ, тұмар, басқұр сынды қолөнер бұйымдарымен ақт залының сахнасын безендірді. Наурыздың 20 жұлдызында  мерекелік концерт өтті. Концерт 3 бөлімнен құралды. Алғашқысы «Бесікке салу» рәсіммімен басталып, ол дәстүрді бастауыш сынып ұстаздары көрсетті. Сосын «Тұсау кесер» дәстүрін мектеп-лицейінің ортаңғы буын ұстаздары сомдады. Ал соңғы «Алтыбақан аясында» атты бөлімін жоғары сынып оқушылары көрсетті. Мерекелік іс-шара барысында көрермендермен «Асық ату», «Арқан тарту» ойындары да ойналды. Концерттен соң барлық мектеп ұжымын Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татуға асханаға шақырды. Мерекені тойлау мұнымен шектелдмей 21 наурыз күні мектеп-лицей ұжымымының бір топ ұстаздары Астана қаласының Студенттер алаңында «Тұсау кесер» рәсімін қала жұртшылығы мен қонақтарына көрсетіп тамашалатты.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное