Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

06.03-14.03.2017ж. аралығында мектебімізде «Живительная сила слова» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті.

   06.03-14.03.2017ж. аралығында  мектебімізде  «Живительная сила слова» тақырыбында  орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталықтың өтуіне 3-11 сынып оқушылары белесене қатысып, ат салысты.

Апталықты өткізу барысында орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері ашық сабақтармен қатар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

Сейталиева А.Е. мен Мамырбекова А.М.  4 сыныптар арасында Клышбаева А.Т., Абилтаева М.Л. 5 сыныптар арасында   «В стране сказок» тақырыбында ертегілер әлемінен көріністер көрсетті. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп, өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ризашылығына бөленді.

     Апталыққа 1 сыныптың оқушылары да белсене қатысты. Пән мұғалімдері Жабагина А.К. мен Алиева К.Т. 1 сыныптар арасында  «Как ты еще не читал» тақырыбында  оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, кітапхана залында оқырмандар конференциясын  өткізді. Оқушылар мұғалімнің оқыған ертегісінен түсінгендерін айтып, көрініс көрсетіп, ән айтып, би билеп, ерекше көңіл күйде тарқасты.

Апталықтың төртінші күнінде 10 «Ә» сыныбымен өткен (жауапты мұғалім Мукашева А.С.) «А.С.Пушкин «Евгений Онегин» тақырыбындағы  сахналық қойылым жоғары  дәрежеде өтті. Бұл іс - шараны өткізуге сынып оқушылары 1 ай дайындалды. Барлық қатысушылар сахналық қойылымға сай киім киіп, сөздерін жаттап, сол кейіпкерлердің образын сомдап, көрсете алды. Қойылым соңында директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Байтас Г.Б. қатысушыларға ризашылығын білдіріп, ақ жол тіледі.

    Апталықтың алтыншы  күнінде 8-11 сыныптар арасында «Русская песня-2017» тақырыбында сайыс өткізілді. Сайыста тек қана ән мен би ғана болып қоймай, сонымен қатар оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін жатқа айтты.

Апталықтың жабылу мерекесінде апта бойы өткен іс-шаралар қорытындалып, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Сонымен қатар, жеңімпаздардың құрметіне ән айтылып, би биленді.


 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное