Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Армысың Әз – Наурыз

Астана қаласы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде 20 – наурыз  күні өткен « Армысың Әз – Наурыз ! » атты мерекелік іс шара мақсаты: Оқушыларға ата – бабамыздан жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерді дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Қазақ халқының салт – дәстүрін танып білуге тәрбиелеу. 1 «А» және 2 «А» сыныптары Жамбыл ауылында « Селт еткізер, ұйқы ашар» салт – дәстүрін көрсетті. Осыған жауапты мұғалімдер : Калиева М.Д, Абдыкаримова Ш.С; Бұл мерей тойда алыс жолдан келген жас жігіттер , наурыз мейрамы өтіп жатқан ауылға жылқыға мініп келеді.  Өз қыздарына арнаған сыйлықтарын қолдарына алып, қыздарға «Сұлу қыз» әнін арнайды, той думанды тойлатып, би билеп, ән салып жүрген қыздар , жас жігіттерді қарсалып алады. Қабылдаған сый – сияпатының ризашылығы ретінде , дастархан жайылып, наурыз көжеден дәм татылды.

 1 «Б», 1 «Ғ»  және 3 «Б» сыныптары Әйтеке би ауылында «Қырқынан шығару» салт – дәстүрін көрсетті.  Осыған жауапты мұғалімдер : Оразай С.О, Ұлдаханова Л.Д, Ахметжанова Ж.С; Ол қазақ халықтарының рәсімдерінің бірі. Бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «Өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Баланың қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік , күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, қырық қасық таза су құйып көрсете білді. 1 «Ә» және 4 «Ә»  сыныптары Ыбырай ауылында «Беташар» салт – дәстүрін көрсетті. Осыған жауапты мұғалімдер: Тукаева А.Т, Жанмухамбетова Д.Б; Беташар қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық жаңа түскен келіннің бетін беташар жырымен ашады. Дәстүрді балалар көрсетіп, жетік меңгерді.2 «Ә» және 2 «Ғ» сыныптары Абай ауылында «Бесікке салу» салт – дәстүрін көрсетті. Осыған жауапты мұғалімдер : Алтаева М.С, Конусбаева М.Д; Бесікке бқлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы асырған. Бесікке салушы , бесіктің барлық жабдықтарын орын – орнына қойғаннан кейін шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады.

2 «Б» және 3 «Ә» сыныптары Қазыбек би ауылында «Тұсау кесу» салт – дәстүрін көрсетті. Осыған жауапты мұғалімдер : Ахетова Ф.Б, Ахметбекова А.С; Тұсау кесу дәстүрінде ортаға аяғын тәй – тәй басқан баланы әкеліп беліне кішкентай қалта байлайды. Оның ішіне тәттілер салып тұрып, аяғына ала жіпті байлап тұсауын кеседі. Тұсау кескен баланы, бір – екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып еркін жібереді. Беліндегі қалтаны шешіп тәттілерді елге шашумен таратады.

3 «А» және 4 «А» сыныптары Төле би ауылында «Азан шақырып , ат қою» салт – дәстүрін көрсетті. Осыған жауапты мұғалімдер: Касымова Р.Т, Мухамедиярова Р.Б; Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын – туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Төле би ауылының қонақтары  дәстүрді барлық жөн – жоралғымен өткізе білді.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное