Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Қош келдің - Наурыз»

Бастауыш сыныптар арасында 15 – 16 наурыз аралығында  «Қош келдің - Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертте барлық сыныптар қамтылды. Мерекелік кеште наурыз туралы ертегі, қазақтың ұлттық салт дәстүрлері: «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу» көрсетілді, қазақтың ұлттық биі «Қаражорға» және «Қош келдің  төрлет- Наурызым» әні шырқалды. Сонымен қатар Қыдыр атаның жаңа жылға, жаңа күнге деген батасы берілді. «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу» дәстүрлерін көрсету 3 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Толегенова Г.М., 3 «З» сыныбы, сынып жетекшісі Коныратова З.К., 4 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі Кулмаганбетова А.Ш., 4 «Д» сыныбы, сынып жетекшісі Кузембаева А.О. тапсырылды. Мектеп оқушылары «Наурыз» мейрамы мен ұлттық тәрбиені меңгеріп, дүниетанымдарын кеңейтті.Наурыз мерекесі өте жоғары деңгейде өтті.











Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное