Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Наурыз тойы» атты тәрбие сағаты

         Наурыздың  он алтыншы күні мұғалімдер А.С.Абдуллаева мен Ш.Е.Утупова 1-ші сынып оқушыларымен  «Наурыз тойы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты,  оқушыларды   қазақ  халқының  салт-дәстүрімен, Наурыз мерекесімен таныстыру еді. Сахнаны ұлттық нақышта безендіріп, дастарқанға ұлттық тағамдар қойылды.1-ші сынып оқушылары ұлттық киімдерін киіп өз өнерлерін көрсетті. Әр сыныптың оқушылары Наурыз  мейрамы туралы өлеңдерін оқыды, әсем әндерін айтты, әдемі билерін биледі. Ал  «Қара жорға» биіне  залда отырған балалар да қатысып отырды. Мерекеде ұлттық ойындар да ойнатылды: «Қыз қуу» және «Арқан тарту». Мерекенің  соңында шашу шашылды. Оқушылар да келген ата-аналар да өткен  іс-шараға риза болды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное