Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Дені саудың-жаны сау»

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатты алға тарта отырып  №48 мектеп-лицейінде   СӨСҚ  орталығының медбикесі - Рахимова Омина Бахадырқызы дәріс оқыды. Дәрістің  тақырыбы «Балалар остеопорозы».  Оқушылар   жасқанбай өздерін толғандырып жүрген, түсінбейтін жайттарды  сұрап, кеңес алды. Жедел дайындалатын тағамдармен тамақтану инсультқа, сүйектер әлсізденіп, сыну қаупі артуына, қант диабетіне, жүрек ауруларына  шалдықтыратындары жайлы презентация көрсетілді. Мазмұнды жеткізілген дәріс  әр оқушыға ой салып, дұрыс өмір сүру салтына көшуге әсер ететіні сөзсіз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное