Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Мен өмірді сүйемін» ұранымен өткен «Биле-24» сайысы

«Мен өмірді сүйемін» ұранымен өткен «Биле-24» сайысы туралы

АНЫҚТАМА

Өмір деген тұрмайды қап-қарадан

Өмір деген тұрады ақ- қарадан

Ақ –Қара, екі арасын ашып өтіп

Арымен өз бақытын тапқан Адам!- дей келе, наурыздың 4-де 8-11 сыныптар арасында «Мен өмірді сүйемін» ұранымен «Биле- 24» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын би қимылы арқылы көру, өнерге баулу.

          Сайысқа 6 құрама командасы қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды, яғни: таныстыру, Aiymi тобының «Тоқтамай биле» әніне би, «Құпия би» ( сахнада тұрған топтарға кезекпен кез келген әуен қосылады, соған би шығару), «Мен өмірді сүйемін» флеш-мобы. Сайыс қызықты өтті. Сахнаға шыққан әрбір құрама қомандасы өзінің ұйымшылдығын, жеңіске деген құштарлығын, бірлігін көрсете білді. Әділқазылар мүшелеріне жеңімпаздарды анықтау қиындық туғызды, бірақ ақылдаса және командалардың өнерін бағалай отырып әділ шешім қабылдады. Сайыстың қорытындысы:

Бас жүлде – 10 «А»

І орын – 11 «А»

ІІ орын – 10 «Ә», 9 сыныптар құрамасы

ІІІ орын – 8 «Г», 8 сыныптар құрамасы




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное