Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

БҮГІНГІ ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚ БІЛІМ АЛУҒА ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТТАР

  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында еліміздің болашағы - жастардың  білім алуы мәселесіне айырықша көңіл бөлінді. Елбасының жариялаған жаңа саяси және экономикалық бағыт, біріншіден, жақсы білім беруді заманауи лайықты болашақ жасауды көздейді.

   Әлемдік білім беру жүйесіне ену жағдайында білім беру саласындағы реформаларды оңтайлы жүзеге асыру мықты инфрақұрылымдарымен дамыған, оқу-лабораториялық ғимараттарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, әлеуметтік әрі мәдени бағыттағы нысандармен толыққан, үздіксіз даму үстіндегі оқу орындарының ғана қолынан келетіні мәлім. 

    Сондай оқу орындарының бірі және бірегейі - ұлттық рейтингте бірнеше жылдан бері көш бастап келе жатқан, Еуропалық ғылыми-өндіріс палатасының «Еуро­палық стандарт» жоғары бағасының иегері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті десек, қателеспейміз.

    Оқу орнының мақ­сатты даму факторының бірі ретінде жыл сайын республика бойынша мектеп түлектерінің Еуразия ұлттық университетін таңдаудағы басымдылығын ата айтуға болады. Оның дәлелі - «Алтын белгі» иегерлері мен халықаралық ғылыми сайыстар жеңімпаздарының басым бөлігі дәл осы оқу орнында білім алуда. Әлемнің 200-ге тарта жоғары оқу орындарымен халықаралық келісімшарттар жасалуының нәтижесінде студенттер мен магистрант, докторанттардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдерде қосымша білім алуы өте жақсы жолға қойылған.

Оқу орны өз түлек­терінің жұмыспен қамтамасыз етілуін басты назарда ұстап, жұмыс берушілерімен тығыз байланыс ұстайды. Жыл сайын студенттер мектептер мен өндіріс орындарында өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибеден өтеді. Іс-тәжірибе соңында мекеме басшылары университет түлектерін диплом алғаннан кейін қайта келіп, жас маман ретінде жұмыс істеуге шақырады.

    Биылғы оқу жылында мектеп бітіруші түлектер үшін оқуға түсу шарттарындағы өзгерістердің бірі ретінде ұсынылатын сауаттылық бойынша тапсырма оқу арқылы талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге бағытталған. Сауаттылықты тексеруге арналған тапсырмалардың ҰБТ-ге енгізілу себебін ҚР БжҒ министрлігі студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, сол көздерден алынған ақпараттарды салыстыруға және тұжырымдауға тура келеді, демек бұл дағдылар мектеп түлегінің келешек өмірінде білім алу барысында өте қажет болады деп түсіндіреді.

   Инновациялық экономика үшін мамандарды даярлау және халықаралық білім беру кеңістігіне бірігуде жетекші рөл атқаратын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасу жолында өз бетімен ізденуіне ыңғайлы ақпараттық білім беру ортасы құрылып, бүгінгі заманға лайық білім алуға қажетті барлық алғышарттар жасалған.

    Бір тоқсаннан сәл ғана астам уақыттан кейін түлектеріміз үлкен өмір баспалдағының алдында өздерінің өмірлік таңдауларын жасайды. Биылғы мектеп түлектеріне барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, еңбектеріне сай тиісті бағаларын алып, көкейдегі асыл армандарының орындалуына тілектестік білдіреміз!

Ш.Қ. Құрманбаева

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное