Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Адал ұрпақ – Мәңгілік елдің болашағы»

 

2017 жылдың 1 наурыз күні сағат 12.30-да «Адал ұрпақ» клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ – Мәңгілік елдің болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – білімді және патриотты тұлға қалыптастыру және «Адал ұрпақ» клубының жұмысын жандандыру.

Дөңгелек үстелді «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Бекетов Данияр жүргізді. Клубтың мақсаты мен міндеттері туралы толық ақпарат берді. 9 «Г» сынып оқушысы Қуанышева Айгерім «Білімді де патриотты жастар – Елімнің іргетасы» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.

10 «Ә» сынып оқушысы Мұхтар Тимур «Адал ұрпақ» клубының атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Дөңгелек үстелге Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимыл қалалық департаментінің маманы Асқар Рашидұлы келіп, оқушылармен пікір алмасты, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Мәселен, Жемқорлық рейтингі бойынша Қазақстан, Нигер, Ганзания, Пакистан, Гондурас, Эфиопия елдерінен кейін тұр. Бірақ Қазақстанның табиғат ресурстары да көбірек, экономикасы мықтырақ. Соның бәрінен бір сұрақ туындайды, Қазақстан неге осы елдерден кейін орын алып жатыр? Жемқорларға қандай жаза қолданылады? Пара берген және пара алған адамдарға жаза бірдей ме әлде олар әртүрлі статьямен кете ме?Қазақстан қазір жемқорлық рейтингісі бойынша 123 орынды алып тұр. Келесі жылдары еліміз қай орынға келеді деп ойлайсыз? Еліміздегі жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қазіргі кезде қандай шаралар қолданылып жүр? Жемқорлыққа қарсы қай елді үлгі етіп алуға болады? Міне, осы сұрақтар төңірегінде Асқар Рашидұлы оқушыларға маңызды мәліметтер берді.

Мектеп директоры Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы сөз алып, «Адал ұрпақ» клубының жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығында Қазақстандық жас патриоттар академиясының құрылуына 1 жыл толуына орай «Біз – Мәңгілік елдің іргетасын қалаушы, Ұлы дала ұрпағымыз!» атты Республикалық Патриоттар форумына қатысып, «Патриот» деген құрметке ие болған 5 «К» сыныбының оқушысы Алтынбеков Дінмұхаммедті ерекше құттықтап, «Патриот» орденін тақты.

Дөңгелек үстелге оқушылар белсенді қатысты. «Балдәурен» хор ұжымы «Туған Ел» патриоттық әнімен аяқтады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное