Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

№65 мектеп-гимназиясында желтоқсанның екісі күні «Жас Қыран» мен бесі күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдаудың салтанатты жиыны болып өтті.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттыққа, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлыққа баулу, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті жетілдіріп, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуметін қалыптастыру.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған оқу үздіктері, «Жас Ұлан» оқушылар ұйым қатарына өте отырып, өз Отанының патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, туған елін, жерін мақтаныш етуге, ата-анасын қадірлеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын сақтап, табиғатты аялауға, «Жас Ұлан ережесін бұлжытпай сақтауға салтанатты түрде ант етті.» Ант берген оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды. Ұйымға қабылданушыларға төсбелгі және галстуктерді табыстау рәсімін мектебіміздің директоры Альжанов Адильбай Шораұлы, тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ауезханова Асем Манановна, тәлімгерлер Кабидоллаева Н.Г., Касенова Г.М., ұстаздар ұжымы және мектеп парламенті мүшелері табыстады.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное