Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Мәңгілік арман –Мәңгілік күрес – Мәңгілік ел»

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай 12 желтоқсан № 65 мектеп-гимназиясында  «Мәңгілік арман –Мәңгілік күрес – Мәңгілік ел» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Оған «Алаш» сыйлығының иегері ақын Серік Тұрғынбекұлы мен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драмтеатрының режиссеры Болат Ұзақов шақырылды. Концертті мектептің шағын оркестрі ашты. Кеш қазақ тарихындағы Тәуелсіздік үшін күрескен қаһармандар өмірін бейнелейтін  қойылымдар арқылы өтті. Онда Асан Қайғы арманына бастап, бүгінгі күнге дейінгі халық өмірі бейнеленді. Бір қаһармен бір қаһарманды алмастырып жатты. Алтын адам, Абылай хан, Исатай-Махамбет, Қайрат т б. Өзіне лайықты іс-әрекетімен, монологымен көрерменге ұнады. Қойылымдар арасында Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, балалардың өнеріне тілек білдірді.  Кеш соңында шәкірттер мен қонақтар ескерткіш суретке түсті.








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное