Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»

№80мектеп-гимназиясында желтоқсан айының жетісінші жұлдызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.    Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада «Мәңгілік Ел» дипломатиялық балалар орталығы ашылды.Мектеп мұғалімдерінің жетекшілік етуімен «Қазақстанның 25 бренді» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Көрмеде мектеп оқушылары 25 жылда жеткен жетістіктерімізді, тарихи мұраларымызды өз қолдарымен   жасап көрсете білді.Сонымен қатар, «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылдығы» атты тақырыпта киномарафон ұйымдастырылды.Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи маңызы бар деректі және ғылыми-танымдық фильмдер алдын ала көрсетіліп, оқушыларымыз өз әсерлерін эссе түрінде жеткізе білді.

 Қазақ елі 130-дан астам халықтың мекені болып отыр. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз.  Бұл кеште Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі ретінде оқушыларымыз мың бұрала билеп, көпшіліктің көңілінен шықты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное